№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Арайлым Мамырбекова | |||
2. | Сабыр Қалелұлы |
Қызғалдақ ғұмыр гүл мүсін,
Ұядан ұшар бір құсым.
Атаның салты бұл деген,
Қобалжып қалқам тұрмысың?
Анаң да сенің қыз болған,
Жүректі жарып ізгі арман.
Әкең де сенің ғашық боп,
Анандай сұлу қызды алған.
Пәк гүлісің анаңның,
Бақ жырысың әкеңнің.
Пәк гүлісің анаңның,
Бақ жырысың әкеңнің.
Атаның салты ал мұнда,
Бақытты күндер алдыңда.
Жарыңмен бірге қарсы алар,
Алдыңда әппақ таңың да.
Ананың сүтін ақтарсың,
Атаның салтын сақтарсың.
Жанжарың енді қамқоршың,
Басыңа мәңгі бақ қонсын.
Жақұтысың еріңнің,
Бақытысың еліңнің.
Пәк гүліңсің анаңның,
Бақ жырысың әкеңнің.