№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Арайлым Мамырбекова | |||
2. | Светқали Нұржан |
Ордасында той бүгін байтағымның,
Мыңсайрам-ән ортаңа айта кірдім.
Қазаныңыз, қазағым, ортаймасын,
Қазынасы, – деген бар, – той – Тәңірдің!
Қайырмасы:
Ақ қанатын шыңдарға жайған баумен,
Өтпейді өмір сол бауда сайрандаумен.
Шаршамайық, тойларды қарсы алайық,
Бұл-бұл ұшар басыңнан қайран дәурен!
Жұлдыздардай ағып кеп көлге сіңген,
Ақ тілектер, мұншама көл-көсір ме ең?
Тербетілген ән-бидің толқынында,
Осы тойды шығарма сен де есіңнен!
Қайырмасы