| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Арайлым Мамырбекова | |||
| 2. | Мұқағали Мақатаев | |||
Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Дүниеден кей-кейде түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім мықты десе біреу, Отан дер ем!
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
Мені мұндай бақытты жаратар ма?!
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!