MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Хадиша апа
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№27, 9 маусым 2023 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Мәлік Бердәлі
2.Әділбек Сүлейменов
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Мұң-шерді іште жасырды апа,

Елінің рухын асырдың апа.

Бойдағы зипа, мінезің дара,

Шындыққа ғана бас ұрдың апа.

 

Қайырмасы:

Жүрекке шырақ жаға алдың апа,

Ұрпаққа ұстаз бола алдың апа.

Туған жеріңді аңсап өтіп ең,

Ғасыр боп елге оралдың апа.

 

Өнері от боп өрілген апа,

Биіктен сонау көрінген апа.

Замана жүзі құбылсын қалай,

Табамыз сізді өріңнен апа.

 

Қайырмасы

 

Сарыны едің далаңның апа,

Дарыны едің қалаңның апа.

Өлмейді атың, өшпейді бейнең,

Ескерткіш болып қаландың апа.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика