№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Зәуреш Сыпатаева | |||
2. | Сырым Сәрсеков |
Асыл ана, ардақтымсың, аяулым,
Көңіліңе салмасын еш қаяу мұң.
Ана деген ардақтаймыз атыңды,
Сізге мəңгі қарыздар ғой қыз бен ұл.
Қайырмасы:
Ана жайлы талай-талай аңыз бар,
Айтқан сөзің біздер үшін нағыз бал.
Жүре берші, жайнап, ана, мəңгілік,
Біз түгілі əлем саған қарыздар!
Ақ сүт беріп, түн ұйқысын төрт бөлген,
Көңіліңді кем көрмеймін көктемнен.
Бақыттысың балаларың барыңда,
Арманыңды ақтаймын деп серт берген.
Қайырмасы
Күн батқанда сағынышпен көз іліп,
Таң атқанда аңсап сені ояндым.
Асыл ана, сыйладыңыз бізге өмір,
Аздық етер арнасақ та сізге жыр.
Қайырмасы