№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Сырым Сәрсеков |
Шаттығын тіршіліктің тең бөлісіп,
Аққудай аялайсың көлбеп ұшып.
Қылығың, еркелігің, нұрлы жүзің,
Сонау бір, алғаш көрген кезден ыстық.
Қайырмасы:
Асыл жарым, аяулы жар құдай қосқан,
Көңілімді, өзіңсіз мұнар басқан.
Егер де сен, қасымда болмай қалсаң,
Бұлт түнеріп көгімде құлайды аспан.
Байланған саған деген ет жүрегім,
Аялап қасыңда тек мен жүремін.
Бақытым басымдағы бір өзіңсің,
Мәңгіге бір болайық деп тіледім.
Қайырмасы