№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Кентау Назарбек | |||
2. | Қадыр Мырзалиев |
Лүпілдеген тамырындай шекенiң,
Жеке сағат, жеке тәулік, жеке күн.
Түсiнiп те үлгермеймiз, байқап та,
Кейбір сәттің нағыз бақыт екенін.
Қайырмасы:
Бiр құдiрет бiздi өмірге жолдайды,
Бiз өмiрдi түсiнбеймiз сол қайғы.
Туа сала таудай бақыт күтеміз,
Ал шынында бақыт үлкен болмайды.
Құс сияқты сезiнбейтiн қанатын,
Бақыт – сәби бiлмейтұғын әлі атын.
Бақыт деген – ғажайып бiр дәм ғана,
Сүйгеннен соң дәмі ернiңде қалатын.
Қайырмасы