№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Ерік Мұхамбетқалиев | |||
2. | Талап Таймасұлы |
Бабалар аманаты –
Ұрпақтың ғаламаты.
Бауырлар бірлігінде
Әулеттің саламаты.
Бауырым-ай.
Қайырмасы:
Бауырым-ай, сен екенсің,
Бауырым-ай – мерекемсің,
Бауырым-ай – берекемсің,
Бауырым-ай.
Бауырым-ай – тілегімсің,
Бауырым-ай – жүрегімсің,
Бауырым-ай – тірегімсің,
Бауырым-ай.
Көрмесең сағынатын,
Қиналсаң табылатын,
Жаныңа жылу беріп,
Шырақ боп жағылатын.
Бауырым-ай.
Қайырмасы
Бауырым тілектесім,
Бір туған жүректесім.
Өмірің өріс жайған,
Тарылтып жүдетпесін.
Бауырым-ай.
Қайырмасы