№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айбатыр Сейтақ | |||
2. | Нұрлан Бекенов |
Білімің қуат беріп талабыңа,
Жолықтың Алла берген адамыңа.
Аттанып бара жатсың жаңа өмірге
Гүл бітсін, қызым сенің қадамыңа.
Қайырмасы:
Жүрекпен шырқаңыздар көңіл әнін,
Ұғыңдар сыйластық деп өмір мәнін.
Махаббат айдынында бір жүзіңдер,
Қос аққу келтірмей ме көлдің сәнін.
Жаратқан қолдаған соң арманыңды,
Дәл бүгін ақ отауға шам жағылды.
Қызым-ау, ер азамат – елдің ұлы,
Қадірлеп, құрметтей біл жан-жарыңды!
Қайырмасы
Өмірдің өту үшін мың өткелін,
Бір болсын ізгі арман, тілектерің.
Батасы ел-жұртымның қабыл болып,
Мәңгілік бірге соқсын жүректерің!