№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Халық әні |
Мәсі қымбат базарда бас киімнен,
Мал мен басы өнбейді қаскүнемнің, дей салдым-ай.
Өлең даусын сағынып жүргенімде,
Даусы қайдан шығады қос күреңнің, дей салдым-ай.
Қайырмасы:
Айналайын қарағым,
Ауылыңа барамын,
А-ай, екеуіңе үкілі кер, байладым жетегіңе, дей салдым ай.
Жай бұраң бел жаутаң көз,
Жайды білсең айтам сөз.
А-ай, екеуіңе үкілі кер, байладым жетегіңе, дей салдым ай.
Дәм татайық, буйырса шәй қайнаса,
Еті қызар хас жүйрік айғайласа, дей салдым-ай.
Оралыңның барында ойна да күл
Не болады жас жігіт қайғы ойласа, дей салдым ай.
Қайырмасы