| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Дінмұхамет Ұябай | |||
| 2. | Жанайхан Сапарханұлы | |||
Мақтанышым, тірегім,
Сүйенішім, жүрегім.
Сені мәңгі ардақтап,
Әнге қосып жүремін.
Қайырмасы:
Асыл әке, ардақты әке,
Асқар тауым, нарым әке,
Барым әке, жаным әке.
Қайрат берген қуатым,
Шөлдегенде – суатым.
Көңіл-күйім, ажарым,
Тарқамасын базарым.
Қайырмасы
Айналдым әке өзіңнен,
Ақыл қып айтқан сөзіңнен.
Әлемде саған жан жетпес,
Көремін бақыт көзіңнен.
Қайырмасы