№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы | |||
2. | Құралай Төлебекова |
Хабар болмай, іздеп сені бүгін мен,
Телефоннан сандар тердім, достым-ау.
Бала кезден, бірге өскен, құрбым ең,
Сыр ақтарар өзің қазір, жоқсың-ау.
Күзіміздің жапырағы селдіреп,
Қар басыпты, әр талын да шаштардың.
Қыстың ертең келеріне, ей жүрек,
Мұңайдың ба, соғуы да, басқа тым?!
Қайырмасы:
Жылдар өтті, құс легіндей, алыстап,
Қыз-ғұмырды, кімнен енді, сұрайын?
Кешегіні, өткен күнге табыстап,
Келші құрбым, иығыңа құлайын...!
Келсең қатты, тұлымың бір, желбіреп,
Сағынамыз, бұл күндері, сол шақты.
Киетінбіз, ақ көйлекті, желбірек,
Гүлге қонған көбелектей, моншақтым.
Қайырмасы