№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жарылқасын Боранбаев | |||
2. | Төребек Құтжанов |
Кең ойпатта оймақтай боп үзілген,
Құмкенттен қашық емес Қызылкөл.
Жәудіреген жанарға сен ұқсатсаң,
Мөлдіреген Созағымның қызын көр!
Дартөбенің биігінен қарасаң ,
Көлемі де көз жеткісіз, орасан.
Қоңыр толқын жағалауға соғатын,
Сұлулардың бұрымындай жарасар.
Бола берер келген сайын тосын жай,
Қызылкөлдің кереметі осындай.
Қайырлысқан қасқалдақтың қанаты,
Сәл керілген сұлу қыздың қасындай.
Түн қойнында ай сәулесі дірілдер,
Қандай ғажап, ыстық демі білінген.
Су түбінде жатыр жайнап жұлдыздар,
Қолың созсаң бір шөкімі ілінген...