MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Талды – менің туған өлкем
Әннің атауы
Әннің атауы:
Талды – менің туған өлкем
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№28, 7 тамыз 2023 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Ақсәуле Албан
2.Марита Қабижанқызы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Омырауын ақ гүлдермен зерлеткен,

Аспантауы қиялыңды тербеткен.

Ұл мен қызы бақыт тапқан еңбектен,

Талдым менің, ғажайыпсың, сен неткен!

Ақ жаңбыры көктем кезде селдеткен,

Аспантаудың ақ маңдайын терлеткен.

Сай-саласы оқа таққан өрнектен,

Талдым менің, ғажайыпсың сен неткен!

 

Қайырмасы:

Мен өзіңе болдым ғашық жөргектен,

Сендей мекен таба алмаспын, жер-көктен.

Перзентіңмін сені жырмен тербетер,

Талдым менің, Талдым менің,

Ғажайыпсың сен неткен!

 

Сағынышым маза бермей, меңдеткен,

Балғын шағым сағындырды сенде өткен.

Әттең, қайта оралмайды-ау, ол көктем,

Талдым менің, ғажайыпсың сен неткен!

Аспантауым шыңын көкке өрлеткен,

Ақ мүсінін ай астында көлбеткен.

Сен дегенде жүрек шіркін селт еткен,

Талдым менің, ғажайыпсың сен неткен!

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика