№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Анарбек Қозбақов | |||
2. | Әсел Оспан |
Арайын кешсем сәулелі сәттің,
Әуені таңға әлдилер.
Аңсасаң келіп тау демін татқын,
Дүние-ай, сен де шалқи бер!
Қайырмасы:
Сәуегей ғұмыр сыр айта қоймас,
Шілдеде қалған шер-мұңым.
Тауымның толы бауыры қой тас,
Қайдасың, қайда Кербұғым?!
Армандар ғана сүйетін мекен,
Биігі де асқар тау сынды.
Түсіне де оның жиі еніп кетем,
Жаңғырық басты-ау даусыңды.
Қайырмасы
Ғұмырымның жалғасады әні,
Таңды асады әлі өлеңі.
Заңғарын сүйіп, шыңды да асады,
Өзіңдей перзент өр еді.
Қайырмасы
Тауымның жұтып ауасын тұнық,
Сіңірдім бойға жұпарын.
Жақсыларымның бағасын ұғып,
Молаяр үміт, құт, әрі.
Қайырмасы