| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Жаңабай Қасенов | |||
| 2. | Рапйых Қоғайұлы | |||
Қандай сұлу көрікті едің гүл мүсін,
Әлде әппақ сәуле шашқан нұрмысың?
Ақылыңа көркің сондай сай келген,
Жаралдың ба сұлуларға үлгі үшін.
Қайырмасы:
Көк орай шалғын белдердің,
Ішінен әсем гүлдердің,
Аралап сәулем, аралап,
Аңсадым сені іздедім.
Өзіңе арнап махаббаттың жыр құсын,
Шарықтаттым жүрегімнен шын түсін.
Сол құс барып қонатұғұн қалықтап,
Асыл-зада аяулы жан тұрғысың.
Қайырмасы
Самал өпкен қызғалдақтай құлпырып,
Бұлбұл даусың қандай таза тұп-тұнық.
Саған деген сезім билеп, іңкәрлік,
Жырлар туды жүрегімнен бұлқынып!
Қайырмасы