№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Ата салты мұрасы ғой бүгіннің,
Бір бақыты осы болар ғұмырдың.
Құда болып қуанады екі ел,
Бағы жанса қызың менен ұлыңның.
Ақ некемен шаңырағын құратын,
Екі жастың орындаған мұратын.
Бір-біріне құйрық бауыр асатып,
Құдалар ғой құшақ жайып тұратын.
Қайырмасы:
Ал, ағайын құдаларды қолдайық,
Төріңдегі сыйлы орынға сол лайық.
Жарасымын жоғалтпайтын мың жылда,
Құдаларға ақ тілекті жолдайық.
Қуаныштан жарыласың ағыңнан,
Кездескенде құдалармен сағынған.
Құтты болсын құда төрге шыққаның,
Бұл қазағым сыйластыққа бағынған.
Ал, құдалар билейік те, күлейік,
Бақ-дәулетті, сыйлы өмір сүрейік.
Екі жастың бақытына куә боп,
Той-думанда басты қосып жүрейік.
Қайырмасы