MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Ырысты, берекелі Атырауым
Әннің атауы
Әннің атауы:
Ырысты, берекелі Атырауым
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№29, 24 тамыз 2023 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Бақытжан Еламанов
2.Орынкүл Смағұл
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Көрсем де шарлап елді, әр тарауды,

Шын сүйген жүрегімнен ән тарайды.

Қара алтын қазынасы жатқан шалқып,

Аңсаймын алыс кетсем Атырауды.

 

Қайырмасы:

Атырау сыры құрдас қарттарымен,

Жарасып жайраңдайды жастарымен.

Атырау гүлдей жайнап жарасасың,

Мәңгілік арайланған ақ таңыңмен!

 

Толқыны Ақжайықтың тербетілген,

Айдыны ғашықтардың сыр шертілген.

Ырысты, қазыналы Атырауым,

Таппадым сендей шаһар жер бетінен.

 

Қайырмасы

 

Мұнайдың – астанасы, байтақ жері,

Қойнауын ырыс толы емген елі.

Ақжайық сылаңдаған сылқым сұлу,

Ойнатқан айдынында бекірені.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика