MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Ауылым-ай
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№30, 21 қыркүйек 2023 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Қайрат Құматайұлы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Жерұйығым күнгейде, ауылым-ай,

Амансың ба, ел-жұртым, бауырым-ай!

Жүрек сыздап тулайды сағыныштан,

Алпыс екі бойдағы тамырымдай.

 

Қайран менің, Майлы мен Барлығым-ай,

Жәркен боздап сағынған, Жәйірім-ай!

Күнгейіңнен күн шықса, тағатым жоқ,

Алып ұшып баратын, ауылым-ай.

 

Қайырмасы:

А-а-ай, туған өлкем-ай,

Сені қиып көш керуен, көшпен кеткем-ай.

А-а-ай, туған өлкем-ай,

Сағынышым тарқамай жүрмін қалқам-ай

 

Сағыныш-ай, ауылға, сағыныш-ай,

Қиып кеткен жанашыр, жақыным-ай.

Бір туса да анадан, бір болмайтын,

Жазып қойған маңдайға, жазмыш-ай.

 

Қасиетім, Қарағай бастауым-ай,

Сенде өткен бал дәурен, жас шағым-ай.

Айлар аунап, жылыстап, жыл өтсе де,

Сағынышым қоймады, бір басылмай.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика