№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлнар Рақымжанқызы | |||
2. | Қайрат Құматайұлы |
Шын бақытты болам деп, түбінде мен,
Кездерім көп, жаныңа үңілмеген.
Саған ғана ынтызар сезімімді,
Саусағымнан сезбеп пе ең, дірілдеген?
Сен екеуміз ғашық ек, бөлінбейтін,
Жандар едік, ол кезде, өрімдей тым.
Қандай себеп араны алшақтатты?
Қандай сиқыр айырды көрінбейтін?!
Қайырмасы:
Біз арманбыз, бір-бірін толықтырған,
Сосын, кеткен уақытқа болып құрбан.
Жиі-жиі барамын бақ ішіне,
Өзіңді алғаш, кездейсоқ, жолықтырған.
Сен сезіндің, мен талай сезінгенді,
Сол сәт мүмкін бақытты кезім бе еді?
Құшағыңда өзіңнің тұншықтырдым,
Бұғалыққа көнбеген сезімдерді!
Екі өмірміз, бір тағдыр біріктірген,
Жаны егіз, ақ таңмен тұнық түнмен.
Жан-жүректер жаншылып қоштасса да,
Есігінен ертеңнің күліп кірген.
Қайырмасы