№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Ләйлә Бақдәулетқызы | |||
2. | Қайрат Құматайұлы |
Сыйластық, әлде, сезім бе?
Түсінбей қалдым өзім де.
Қоштасқан сәтте соңғы рет,
Қимастық тұрды көзіңде.
Қайырмасы:
Сезім бе әлде, жалын ба,
Сағыныш, әлде, сағым ба?
Қоштасқан сәтте жалт еткен,
Бейнеңіз қалды жадымда.
Бір сырды бүгіп жанарың,
Қиылып неге қарадың?
Тұңғиық қарашығыңа,
Шым-шымдап батып барамын.
Қайырмасы
Кеуде тұс неге шым етті,
Қабағым неге дір етті?
Бір сезім баурап алғаны-ай,
Толқытып жұмыр жүректі.
Қайырмасы