№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Исраил Сапарбай | |||
2. | Қайрат Құматайұлы |
Ғашық болу –
Емес ол тасып, толу.
Қам көңілдің дауасы – қасықтағы у.
Көлеңкемді көмген жан өлмесін деп,
Көз ұшынан көш ұзап қашық қону.
Қайырмасы:
Ғашық болу – емес ол өліп-талу.,
Өксу, жанып, өртеніп, сөніп қалу.
Маң далада Мәжмүннің мұңын шертіп,
Не салса да тағдырға көніп бағу.
Ғашық болу –
Емес ол талып қалу,
Жаратқанның жарлығы – жанып, тоңу.
Әр күнімнің қабағын көзбен бағып,
Тағдырымның азабын анық тану.
Қайырмасы
Ғашық болу –
Емес ол талып түсу,
Жанған отты жалаңаш барып құшу.
Қосағың мен қоштасар күн туғанда,
Қос жанардан, қос жұлдыз ағып түсу.
Қайырмасы