№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Қайрат Құматайұлы |
Адалдықпен адамдықты ұлы етіп,
Араздық пен арамдыққа баспайтын.
Ізгілікті, тазалықтың нұры етіп,
Ардың жүгін намысына жалғайтын,
Адалдықтың ең ұлысы дос деген.
Тағдыр салған сынақтардан бірге өтіп,
Тар кезеңде тастап сені қашпайтын.
Жақсылықтың жаршысы боп өмір де,
Жамандықтың босағасын баспайтын,
Жақсылықтың ең ұлысы дос деген.
Бой тұмар ғып ар мен асыл сенімді,
Достың сырын аманаттай сақтайтын.
Сүрінгенде сүйеу болар сүйеніш,
Дос парызын адалдықпен ақтайтын,
Адамадықтың ең ұлысы дос деген.
Жақыныңнан жақын болар дос кейде,
Күншілдіктің күйесін еш жақпайтын.
Алла сыйы дос төресі көп менде,
Қай қашан да достық туын жықпайтын.
Ұлылықтың ең ұлысы дос деген.