№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жанболат Құрман | |||
2. | Қайрат Құматайұлы |
Шығыстан шығып Жайыққа,
Арманның салдым кемесін.
Сыйлады маған ақ Жайық
Арудың айдай төресін.
Қайырмасы:
Жайықтың шалқар айдыны,
Жаныма шуақ сыйлаған.
Жайықтың қызы ай мүсін,
Махаббатымды ұрлаған.
Жағасы нулы Жайықтың,
Шалқыған өмір керуені.
Мендегі өмір бесігін,
Жайықтың қызы тербеді.
Қайырмасы
Суына мөлдір шомылмай,
Тарқамас менің құмарым,
Жайықтың таққан тұмарын,
Аңсамай қалай тұрамын.
Қайырмасы