№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Қайрат Құматайұлы |
Ойында ізгіліктің шуағы бар.
Бойында тектіліктің құнары бар.
Тамырда алпыс екі қайнап жатқан,
Мөп-мөлдір тазалықтың бұлағы бар.
Қайырмасы:
Жақсы деп біздің қазақ кімді айтады?
Саралап мың ішінен бірді айтады.
Намысы нар көтерер жігіттермен,
Ақ қардай ары таза қызды айтады.
Жақсы ғой жақсылармен бас қосқаның,
Бауырдай жақын тартып сырласқаның.
Айнымас адаллықтың биігін де,
Жақсы ғой жақсылар мен достасқаның.
Қайырмасы
Жақсы сөз жарым ырыс, – дейді қазақ,
Аласың жақсылардан жақсы сабақ.
Қамшыдай келте ғұмыр кешкеніңмен,
Дос болған жақсылармен, қандай ғажап.
Қайырмасы