№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Исраил Сапарбай | |||
2. | Қайрат Құматайұлы |
Достан да, дұшпаннан да қалған көңіл,
Аңсап жүр аққулы әуен, арман көлін.
Күнгейге Күнекейдей қызды ұзатып,
Тана көз тағдырымды, таңнан көрдім.
Қайталап маңғаз мұңын Маңмаңкердің,
Қайран-ай, қайта оралмас жалған, – дермін.
Доңыз жеп, қоңыз терген Қодар құлға,
Келмейді Баянымды қолдан бергім.
Дыбысы жер мен көкті жарған жердің,
Дарақы жапалағын жардан көрдім.
Байғыздың мұңын кешіп бағзы бірде,
Баянсыз махаббатты тордан көрдім.
Қорланса қолы жетпей Қорланға ердің,
Қозымды қоңыр мінез қолдан көмдім.
Қаңғып жүр ұрынарға қара таппай,
Қайырсыз бұл қазақтан қалған көңілім.