№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Болатқали Төлебаев | |||
2. | Еркін Нұрымбетов |
Ән екен ғой махаббат ән екен ғой,
Ғашық болу адамға тән екен ғой.
Сыңар қалған аққулар мерт болады,
Қатар жүрсе ғашықтар сән екен ғой.
Қайырмасы:
Махаббат – сезім,
Шын ғашық кезім,
Үзіліп қылы кетпесін.
Жүректен шықса,
Жан еркем ұқса,
Жүрекке қалай жетпесін.
Пәк екен ғой махаббат пәк екен ғой,
Пейілдер мен көңілдер ақ екен ғой.
Тірлігіңде күндерің ғашық болған,
Ең бақытты, ең ғажап шақ екен ғой.
Қайырмасы
Шын екен ғой махаббат, шын екен ғой,
Ер жігітке ғашықтық сын екен ғой.
Сыңар жүрек ғашықтар қосылғанда,
Бақыттары бір емес мың екен ғой.
Қайырмасы
Бар екен ғой махаббат, бар екен ғой,
Ар екен ғой махаббат, жар екен ғой.
Талмай аңсап сыңарын тулағанда,
Бұл жүрекке өр кеуде тар екен ғой.
Қайырмасы