№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Еркін Төлепберген | |||
2. | Ерлан Ібітанов |
Туған жерден іздедің бе ізімді?
Таба алдың ба, көктемімді, күзімді?
Қардың исі бұрқыраған ақпанда,
Ардың ізі шиырлапты түзімді.
Із салыпсың өткеніме, бүгінге,
Аспантауға сәлем салғын, бүгілме.
Үнатпайды еңкейгенді біздің жер,
Тік айтатын тау мінезден түңілме.
Қайырмасы:
Ай қалқыған жұлдыз сырлы түнін көр,
Мен боп сүйер еркелеген түрім сол.
Жадыңда ұста назым менен жазымды,
Жатырқамай қабылдайды біздің ел.
Байынқолдың жағасында сырым жүр,
Толқынында балалығым күліп бір.
Мұз астында жатса дағы сыңғырлап,
Үзілмейді мәңгілікке жұлын - жыр.
Ақынжанды боп келеді баласы,
Күй шерткендей сезіледі даласы.
Бұлттар көшіп жүреді ылғи тау жақта,
Араласып ағы менен қарасы.
Қайырмасы