MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Өтеді күндер
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№30, 21 қыркүйек 2023 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Несіпбек Айтов
2.Қайрат Құматайұлы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Өтеді күндер, соғады сағат,

Қанатты көңілім таппайды тағат.

Қолбұлғап бізден алыстау кетті,

Балалық шақтың базары тарап.

...Өмір!

 

Қайырмасы:

Дәулетім – мүлкім, дидәрлі күлкім,

Дәуренім дүркін, өтерсің бір күн.

Құмарың салып, қусаң да талып,

Жез қанат жылдар жеткізбес шіркің.

...Өмір!

 

Қараймын күн сап артыма бір сәт,

Бұрлуға өмір бермейді мұрсат.

Тау менен тасым жаңғырды бұл шақ,

Төбемнен төгіп жаңбырлы бұршақ.

...Өмір!

 

Қайырмасы

 

Өтеді күндер қаламын қайран,

Өседі гүлдер саламын сайран.

Жұлқынып тұрған жүрегім менің,

Қолдан бір шықсаң табамын қайдан?

...Өмір!

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика