№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Қайрат Құматайұлы |
Ән қалды, Шәмші кетті қанат қағып,
Сөзге әуен ине жіптей сабақталып.
Күй шалқып көк жиеке қонақтаса,
Жер жатыр Нұрғисаны құшаққа алып.
Қайырмасы:
Пай-пай шіркін өмір,
Асып, тасып көңіл.
Ән боп қалқып әсем,
Күй боп шалқып төгіл.
Жырына Мұқағали қанбайды екем,
Төлеген, Қасым болып самғайды екем.
Алашқа Ақселеудей аңыз болып,
Тұманбай, Қадыр болып жалғайды екем.
Қайырмасы
Бауырымды Жәркен болып құшарма едім,
Кеудеме сағынышпен қысар ма едім,
Жырларын Исраил, Несіпбектің,
Ән қылып әуелетіп ұшар ма едім.
Қайырмасы