№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айжан Имантаева | |||
2. | Нұрбек Қарабаев |
Тәтті ойлардың тереңіне мұң батып,
Ұйқымызды айлы түнге ұрлатып.
Арайланып атқан таңмен таласа,
Аман-есен, аман-есен ояну да – бір бақыт.
Бірде шаттық, ал біресе төккен мұң,
Сағынышқа айналғанда өткен күн.
Шуағына малыну да бір бақыт,
Сұлулығын, сұлулығын көзбен көріп көктемнің.
Не жазса да талайыңа тағдырың,
Жоғалтпастан сезім гүлін, жан нұрын.
Жас баладай қуану да бір бақыт,
Жалаңаяқ, жалаңаяқ кешіп жаздың жаңбырын.
Көзбен көріп ай сәулесін, күн нұрын,
Үнсіз тыңдап балбұлақтың сылдырын.
Ақ қайыңмен сырласу да бір бақыт,
Жаның сезіп, жаның сезіп жапырақтың сыбдырын.
Серік болып кейде ой мен тәтті мұң,
Арман күліп ұсынғанда ақ гүлін.
Жақыныңа еркелеу де бір бақыт,
Жасыра алмай, жасыра алмай жүрегіңнің шаттығын.
Көз жасыңды жібек самал құрғатып,
Беймәлім күй көкірегіңді сыздатып.
Алып ұшқан асау сезім бағынбай,
Әлдекімді, әлдекімді сағыну да бір бақыт!