№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Еркін Оралбайұлы | |||
2. | Жанар Ешназар |
Жеңе алмаған өмірдің сергелдеңі,
Сезім жеңді күшіме сенген мені.
Өзгердім мен, мөлдірім, өміріме,
Сен келгелі.
Қара түнге соншалық құмартамын,
Сені ойлаумен атуда бұла таңым.
Түсте көріп өзіңді оянуды,
Ұнатамын.
Шешімі жоқ өмірде сұрақтар мың,
Дайын еткен біздерге сынақтарын.
Жүректегі сезімді жеткізем деп,
Жыр ақтардым.
Болғаннан ба, өзіңдей қызда арманым,
Сабырымды жоғалтып қызба жаным.
Сәл нәрсеге ренжісем, дұрыс түсін,
Қызғанамын.
Қызғаныш қой ренжітсем мені түсін,
Сені ойласам кетердей еріп күшім.
Сені ешкімге бермеймін, себебі сен,
Менікісің.