№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айзада Бекенқызы | |||
2. | Еркін Оралбайұлы |
Тәп-тәтті кезіктім бір жаңа мұңға,
Бөленіп сүйген жүрек жамалына.
Бейкүнә, көк аспандай мөлдіреген,
Сүңгіп кеткім келгеннен жанарыңа.
Қайырмасы:
Бақытты сені сүйген күйден тілеп,
Мына өмір – өзіңсіз күйген түнек.
Бүлкілдеп көкіректе тыным таппай,
Елеңдеп, сені іздеймін, сені іздеймін, сүйген жүрек.
Мүмкін бұл да берілген сын бір маған,
Сезім көлге бар ма деп, сүңгір шамаң.
Ұмыт болар сағыныш көңілдегі,
Естігенде үніңді сыңғырлаған.
Қайырмасы
Ұрласа да сағыныш түн ұйқымды,
Жүрегіме нәзіктеу бір күй тұнды.
Кірпік ілмей өткізген түндерім көп,
Елестетіп жүзіңді тым сүйкімді...
Қайырмасы