№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алтай Өнерхан | |||
2. | Бағдәулет Арыстан | |||
3. | Жангелді Немеребай |
Өмірдің гүл көктемін,
Сыйлаған бір мектебім.
Қатемді көп кешірген,
Әкемді құрметтедім.
Бата ал деп сүйікті елден,
Көрін деп биіктерден.
Барын да біздер үшін,
Аянбай жиып- терген.
Қайырмасы:
Әке-ана, әке-ана – қос тірегім.
Мерейім өздеріңмен өсті менің.
Бірін ай, бірін күн деп,
Солардың нұрымын деп.
Ес жиып ержетсем де,
Жүретін құлыным деп.
Әкемнің тәрбиесін,
Анамның жан-дүниесі.
Сақталған санамда тек,
Әр ақыл әңгімесі.
Қайырмасы
Әкешім тыңдап бағам,
Анашым қымбат маған.
Сәби де тіл шыққанда,
Анасыз үн қатпаған.
Талмайтын іздегеннен,
Барың да бізге берген.
Арманым тойларын да,
Көрсем ғой жүзге келген.
Қайырмасы