№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айгүл Жұмаділ | |||
2. | Анарбек Қозбақов |
Апама барам –
Ауылдың иісі аңқыған,
Қазаны қайнап,
Қаймағын сүттен қалқыған.
Қаладай емес – тіршілік мәні тұрақсыз,
Дала ғой – апам айнымайтұғын қалпынан!
Апама барам –
Құшағы жұпар, сөзі нәр,
Жанары шуақ, көкірегінде де көзі бар!
Ісі бар бітпес, кісі бар төрден кетпейтін,
Сөзі бар және сөзінде дана өзі бар!
Табаны тырп-тырп күнұзақ тыным таппайтын,
Ұйқысын үйдің күзеткен кірпік қақпай түн.
Құлыпсыз есік, қақпасыз аула ішінде
Иті бар, бірақ балақтан тартып, қаппайтын...
Апама барам,
Ағайын-жұртты сағындым!
Аңдамаппын ғой,
Ауылда қапты-ау Тәңір, күн,
Таудай боп жатқан әкеме тағзым етем де,
Сыртынан ғана бір сипап қайтам қабірдің.