№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Анарбек Бердібаев | |||
2. | Бақытжан Еламанов |
Жұртыма жайлы, ырыс-құт болған туған жер,
Қанатын қағып, боз балаң арман қуған жер.
Ұядан ұшып, қияға қонып өзіңнен,
Қамы үшін елдің белдерін бекем буған жер.
Қайырмасы:
Кіндік қан тамған ауылым,
Тереңге тартқан тамырым.
Ел-жұртым тегіс аман бол,
Ет жақын туыс, бауырым,
Көркейе бер ауылым.
Өмірім өткен өзіңсің мәңгі тұрағым,
Қымбат қой маған жусаның, жасыл құрағың.
Ең алғаш өзің әдемі қызға ғашық қып,
Мақаббатымның куәсі болған жыр-әнім.
Қайырмасы
Дәстүрін салтын болмысын ұлттың сақтаған,
Жүйрік ат мініп қыранмен тазы баптаған.
Кең пейіл елге қыдырып келген қонағы,
Қазы қартасын ірімшік майын мақтаған.
Қайырмасы