№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Анарбек Қозбақов | |||
2. | Жұматай Оспанұлы |
Пенде болсаң құлшылыққа құлқы бар,
Мына сөзді көкейіңе түртіп ал.
Басқалардан көрсететін даралап,
Бәлкім сенде қымбат көлік кілті бар!
Дүниенің іші заһар сырты бал,
Көп жегенмен уланатын күн туар.
Бәлкім сенде іші толған жиһазға,
Көп қабатты зәулім үйдің кілті бар!
Ақылды адам құлшылыққа ұмтылар,
Ал ақымақ асып-тасып жыртылар.
Қоймасындай неше түрлі ақшаның,
Бәлкім сенде нән сейфтің кілті бар!
Айтқанымды ақылға сал, салмақта,
Дүниені қуамын деп шаң қаппа.
Қымбат көлік, әдемі үй, көп ақша,
Олар сені кіргізе алмайды жәннатқа!
Жәннат баққа құлшылықпен жол жаса,
Құлқың болса қиын да емес, ол да аса.
Саудырлаған көп кілттен пайда жоқ,
Жәннатыңның кілті – намаз болмаса!
Байлығыңның құны кетіп бірдемде,
Қимай-қимай жер қойнына кіргенде.
Жәннатыңның ашатұғын қақпасын,
Ең қымбат кілт – намаз екен білгенге!