MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Қайта тірілген қыздың монологы
Әннің атауы
Әннің атауы:
Қайта тірілген қыздың монологы
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№31, 12 қараша 2023 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Марита Қабижанқызы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Жүктеу
Ән мәтіні

Сұм тағдырым! Таттырыпсың уыңнан,

Мен ғана ма осылай боп туылған?

Өз елімнен періштедей пәк қалпы,

Сатылатын заттай, неге қуылғам?

 

Анашым ау мен тірімін, сөнбедім,

Шетел асып кетсем дағы өлмедім!

Өсірсе де өзге ұлттық ата-ана,

Туған қызы екеніме сенбедім!

 

О дүниеден түсіңе көп ендім бе?

Амалсыздан тағдырыңа көндің бе?

Жүрегіңді қарс айырған, өлді деп,

Асыл анам, өтірікке сендің бе?

 

Сәбиіңді жоқтадың ғой білем мен,

Күндер өтті қайғы шегіп түнерген.

Жазаласын жүрексізді бір Алла,

Бөтендерге мені сатып жіберген.

 

Қандай қатал мына қазақ қоғамы,

Ұмытқандай иман кетіп, тобаны.

Заманға ма? Адамға ма? Анашым,

Мен ембеген ақ сүтіңнің обалы!

 

Қауышудың сәтін салды бүгін күн,

Өз анамның түсінбедім тілін дым.

Бақыттымын, бақыттымын сонда да,

Мен өмірге қайта келдім, тірілдім!

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика