№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Сырым Сәрсеков | |||
2. | Сәуле Шәмшіғали |
Күттім сені сағынышпен,
Сезіміме сенер деп.
Бар сезімді айтқызбай-ақ,
Көздерімнен көрер деп.
Күттім сені жұлдыз тарап,
Жалғыз жұлдыз қалғанша.
Мөлдіреген таңғы шықтар,
Жерге ағып тамғанша.
Қайырмасы:
Күттім сені күдер үзбей,
Жеткенінше әл қанша.
Неге мұнша жанды қинап,
Сағындырдың сен сонша?...
Күттім сені... күттім сені...
...Сен де мені күтерсің...
Сезімдердің айдынында,
Ескегі жоқ жүзерсің.
Жолды қарап ұзақ күндер,
Мені тосып жүрерсің.
Күту деген қандай қиын,
Сонда сезіп білерсің.
Қайырмасы