№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлжан Сағидулла | |||
2. | Марита Қабижанқызы |
Қап-қара түнек маңайым,
Жауыздай болды ағайым.
Аш құрсақ жүрген қос қыздың,
Қара тер жуды самайын.
Жегенім болды быламық,
Жүзімде тұр ғой бұл анық.
Сіңілім мұңды, жылайды,
Ерікті күнге сұранып!
Қой бағып күнді өткіздік,
Налада бар ма шексіздік?
Ағам мен жеңгем ойлапты,
Тағдырдың тұзы-тек біздік.
Табаным кетті жырылып,
Сезімдер қалды тығылып.
Тарихта бар ма қандасын,
Ағасы қойған күң қылып?
Шерімді кімдер естиді?
Көргендер көнбе, көш, – дейді.
Басар жер, барар тауым жоқ,
Жеңешем билеп,төстейді.
Мұңым да ешбір өшпейді,
Санамнан сырғып көшпейді.
Жеңгеме қарсы шыға алмай,
Ағекем өспей, өш, – дейді.
Тілім де бүгін келте тым,
Әкем жоқ, шерді шертетін.
Жетімдік жырын жырлатпас,
Анам жоқ қорғап, ертетін.
Тағдырдың сыйы сан қилы,
Біреуге жұпар аңқиды.
Біреуге беріп ауыр жол,
Кеудеңнен басып, жаншиды.
Құрақ та сусыз қурайды,
Аңсайды ол да күн, айды.
Еш пенде келген дүниеге,
Бақытсыз болып тумайды.
Жылылық көрдім жаттардан,
Сезімнің сырын ақтарған.
Жылы үй, жылы көрпемен,
Бостандық – біздің басты арман!
Мың алғыс құрбы-достарға,
Шындықтың жонын осқанға!
Он жеті жылдың азабы,
Бүгінгі күнді тосқан ба?!