№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұханбетжан Әбілов | |||
2. | Нақсұлу Ержігітова |
Ұлытау ұлт ұясы кең даламның,
Жүрекпен Жезкиігін тыңдағанмын.
Жырыма қосып әркез Сарыарқаны,
Шабытты мен осылай шыңдағанмын.
Қайырмасы:
Ұлытау Ұларымсың шыңға біткен,
Самалың еркелетіп желпіп өткен.
Қоспасам жырға шерім тарқамайды,
Жаһанда жер бар ма екен, саған жеткен?!
Сұлулық сән бергендей жез маралға
Шумақтап қастерлейін сөз аларда.
Киелі, жазиралы құт мекенді,
Бір ғасыр аздық етер жырлағанға.
Қайырмасы
Қанышын ұмытпайды бар қазағың,
Соңынан естілгендей бір ғажап үн.
Ұлылар мекен еткен Ұлытауым,
Тарихтың алып жатқан сан тарауын.
Қайырмасы
Үндескен табиғатпен атырабым,
Сағынсам күнді қалай батырамын?!
Перзенттік жүрегімнен тарту еткен,
Шалқытып сары даланы жатыр әнім.
Қайырмасы