| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Жангелді Немеребай | |||
| 2. | Жаслан Бекенов | |||
Жаныма нұр сыйлап жарқырадың,
Жарығым, сен менің шамшырағым.
Гүліңе жыр болып тамшыладым,
Алыстап кетпеші, жан сыңарым.
Қайырмасы:
Сағындырмашы,
Сүйіп қалғаным – сен,
Жанымның әсем биік талғамы – сен.
Ағын қылмашы, әнімнің көз жасын,
Жанымда қалшы көңілім самғасын.
Аяулы сезімді әлдилесең,
Ғашықтық өртіне мен күймес ем.
Сендірген сертіңмен жаухарым-ай,
Сағынбас едім ғой, сен сүймесең.
Қайырмасы