№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Азамат Ақылбеков | |||
2. | Мұратхан Егінбаев | |||
3. | Әли Ысқабай |
Үйсін, Дулат, Жалайыр, Албан, Суан,
Сол елге Тезек төре сұлтан болған.
Атағы алты Алашқа түгел мәлім,
Өзі батыр, өзі ақын, саңлақ туған.
Болғанмен аға сұлтан Тезек төре,
Барлық жұрт хан көтерген, елге еге.
Данышпан, халық сүйген әділетті,
Бұзақыны тұқыртып, салған жөнге.
Жыр алыбы Сүйінбай, ақын Түбек,
Хан алдына сан барған, жадап-жүдеп.
Бақтыбайдай атақты бата алған,
Өнер сүйген, бағалаған хан Тезек.
Ұлылығын Тезектің елі ұмытпас,
Шоқанмен қатар басқан ізі ұмытпас.
Қара қылды қақ жарған әділдігін,
Алтынемел, Күреңбел жері ұмытпас.