№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Мәлім маған болмағаным құр алаң,
Ұрпағымыз хабарсыз ба мұрадан.
Уайымдатты бұл не? деген жастардың,
Сұрақтары ұршық жайлы сұраған.
Бізге жеткен себебі бар оның да,
Қалған із ғой әжелердің соңында,
Ұлтымыздың ұршық еңбек құралы,
Шыр айналған аналардың қолында.
Аластатпас берекемнен, құтымнан,
Өз салтымнан кезім бар ма ұтылған?
Ұршық деген киелі бұл бұйым ғой,
Неше ғасыр әжелерім тұтынған!
Бала кезде көріп талай үйімнен,
Қимылына ұршықтың мың сүйінгем!
Жүнді түтіп баппен ғана шүйкелеп,
Анам марқұм ұршықпен жіп иірген.
Құнды заттың қарақтарым біл шынын.
Бойында оның қуаты бар бір мығым,
Тоңбасын деп қысқы аязда балалар,
Қолға алатын, жазда аналар ұршығын.
Еске алып қайтарғанда жолды артқа,
Тоқылатын жүннен шұлық, қолғап та.
Махаббатпен аттандырған аналар,
Отан үшін соғысқан көп солдатқа.
Сол ұршықпен жіпті иіріп алатын,
Алуан түсті бояуларға малатын.
Кілем, басқұр, алашаға әртүрлі,
Ою-өрнек қолдан тоқып салатын.
Ұмыттық па дәстүрдің де кезін кей,
Бағасы да бара жатыр сезілмей.
Қадірлейік ұлтқа құнды ұршықты,
Әжелердің болған бізге көзіндей!