№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жангелді Немеребай | |||
2. | Жаслан Бекенов |
Жастықтың сөнбей жарқылы,
Сезімге толы әр күні.
Өмірді сүйдім өзгеше,
Өзіңді сүю арқылы.
Дүние жалған бес күнде,
Дүрбелең ғұмыр кештім бе?!
Тек сені сүйіп өтсем деп,
Айырбастамай ешкімге.
Қайырмасы:
Шынайы махаббатым бір сен едің,
Қасымда сен жүрсең едің.
Көңілімнің бағын жайнатып,
Жанарың жалған атпай күлсе керім,
Жолыңа мен гүл себемін,
Жүрегімнің әнін сайратып.
Еліктей ерке қылықтым,
Көздерің – қара тұнық түн.
Өзіңді көрген сәттерден,
Өмірді қайта сүріппін.
Жүргенде іздеп қырлардан,
Жүргенде іздеп шыңдардан.
Сезім боп маған оралдың,
Астынан қардың гүл жарған.
Қайырмасы