№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Шынымен-ақ бес күнсің бе, ей жалған?
Сағымдайсың қол бұлғаған сен алдан!
Бабаларым ат жалынан түспеген,
Неге сені бес күн жалған дей салған?!
Қайырмасы:
Өтірікті санамызға ілдік кеп,
Бұл өмірді жалған деумен жүрдік көп.
Өтінгендей, марқұм Бейсен Құранбек,
Айтайықшы, өмір – бес күн шындық деп.
Ел қорғады соғысып жау-дұшпаннан,
Жері үшін өлім құшты сұстанған.
Себебі де осы болар жалғанның,
Шындығы жоқ бес-ақ күндей, қысқарған.
Қайырмасы
Өзгерістер енгізейік, ғаламға!
Шыншыл болу керек саған, маған да!
Өтіріктің аты өшер сол кезде,
Шынайылық, болып, мына қоғамда!
Қайырмасы