№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлнар Рақымжанқызы | |||
2. | Құрасбек Байтоқаев |
Оралды да мойынымда білегің,
Билейікші болды сенің тілегің.
Сырын ұқтым жанарыңның отынан,
Қуаныштан жарылардай жүрегім.
Қайырмасы:
Сыр аңдадым жанарыңа байлана,
Бұған куә билеп тұрған айнала.
Тербетіле ырғағына әуеннің,
Биле, биле, құшағымда жай ғана.
Көктем иісі аңқып тұрды шашыңнан,
Ақ білегің қандай жұмсақ асылған.
Арман болған талайларға асылым,
Келдің қайдан? Көктен бе, әлде жасыннан?
Қайырмасы