MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Болады деп арманда
Әннің атауы
Әннің атауы:
Болады деп арманда
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№32, 30 желтоқсан 2023 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Анарбек Қозбақов
2.Мұқағали Мақатаев
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Ал енді мен ақыл айтам,

Ақыл айтам, таңданба.

Қорлық үшін келген жоқсың,

Мына өмірге, жалғанға.

Мына өмірде, жүрегіңде,

Бойыңда ыстық қан барда.

Болмысты да, болмасты да,

Болады деп арманда!

 

Ал енді мен ақыл айтам,

Ақыл айтам таңданба!

Мәзіріңе, әзіріңе әулекі боп, алданба!

Шығатұғын күндерге де,

Ататұғын таңдарға,

Үмітпенен қарағайсың, жүрегіңде жан барда.

 

Өтер кетер, өтер кетер...

Дейміз ғой біз мұңайып.

Дейміз-дағы, жамаймыз кеп,

Бір айыпқа, бір айып.

Отандастар, ойлайықшы, ойымызға лайық,

Құласақ та, тек биіктен,

Құзға барып құлайық!

 

Бықсып жанған қоламта емес,

Артымызда шоқ қалсын.

Болашақтың ошағында,

Біз тұтатқан от жансын,

...Ей, Болашақ!

Ей, Болашақ! Ошағында от жансын!

Мүмкін, бізді ұмытарсың..

Кім біледі?... Жоқтарсың...

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика