| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Гүлнар Рақымжанқызы | |||
| 2. | Құрасбек Байтоқаев | |||
Сен екеуміз ғашық ек, бөлінбейтін,
Жандар едік, ол кезде, өрімдей тым.
Қандай себеп араны алшақтатты?
Қандай сиқыр айырды көрінбейтін?!
Қайырмасы:
Жауап таппай қиналдым сұрақтарға,
Біз көрмеген жаным-ау сынақ бар ма?
Сен кінәлі емессің сүйіп қалған,
Мен кінәлі емеспін ұнатқанға.
Біз арманбыз, бір-бірін толықтырған,
Сосын, кеткен уақытқа болып құрбан.
Жиі-жиі барамын бақ ішіне,
Өзіңді алғаш кездейсоқ жолықтырған.
Қайырмасы