№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлнар Рақымжанқызы | |||
2. | Жанболат Құрман |
Қайырмасы:
Мына өмірді кім айтты шырайлы деп?
Ғашық жүрек биіктен құлайды көп.
Тағдырменен белдесіп жүргенімде,
Еркелетіп кеткенің ұнайды тек.
Сен қасымда болсаң да, болмасаң да,
Өзіңді ойлап жүремін әрқашан да.
Маған сенің жетпей жүр, ақ сәулем деп,
Еркелетіп кеткенің анда-санда.
Қайырмасы
Маған анық, сені аңсап өтетінім,
Құстай ұшып тек саған жететінім.
Маған сенің ұнайды Гүлеркем деп,
Бұрымымнан иіскеп кететінің.
Қайырмасы
Маған анық жәйімді табатының,
Тек, бәрібір бермейді сана тыным.
Маған сенен керегі, жангүлім деп,
Жанарыма нұр сыйлай алатының.
Қайырмасы